Елімізге құрамында ГМО бар Оңтүстік Кореяның кеспесін әкелуге шектеу енгізілді

0
560

​Отандық өндірушілерге сәйкес келмейтін өнімді анықтау бойынша 450 хабарлама жолданды.


Елімізге құрамында ГМО бар Оңтүстік Кореяның кеспесін әкелуге шектеу енгізілді

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, құрамында ГМО бар тамақ өнімдерін (Оңтүстік Кореяның тез дайындалатын кеспесі) әкелуді және өткізуді шектеу бойынша уақытша санитарлық шаралар енгізілді, деп жазады inbusiness.kz.

"Сәйкес келмейтін өнімдер ішкі нарықтағы айналысының негізгі себептері "сұр" сертификаттар мен сәйкестікті растау декларацияларын беретін сәйкестікті растау жөніндегі органдардың “көлеңкелі” қызметі және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тауарларды кедендік ресімдеу кезінде "сұр" сертификаттар мен өнімге арналған декларациялардың пайдалануы болып табылады. Комитет сәйкестікті бағалаусыз өткізілетін өнімді анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда. Сонымен техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті органға өнімнің сәйкестігін растау құжаттарды берудің анық еместігін және бақылаусыздығын көрсететін фактілерді анықтау туралы 17 материал жіберілді", – деп хабарлады ҚР ДСМ СЭБК баспасөз қызметі.

Ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарау және ветеринариялық-санитариялық санкциялар енгізу туралы шешім қабылдау үшін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 12 өнім өндірушілеріне қатысты материалдар жолданды.

Отандық өндірушілердің атына тиісті шаралар қабылдау үшін сәйкес келмейтін өнімді анықтау туралы 450 хабарлама жолданды. Сәйкес келмейтін өнім өндірушілерге қатысты тиісті шаралар қабылдау үшін Еуразиялық экономикалық комиссияға және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына 30 хабарлама жіберілді.