​Елорда әкімі жоспарланған жалпы қалалық сенбілік ауа-райына байланысты тоқтатылды

0
1 116

Жалпықалалық сенбіліктің өтку күні қосымша хабарланатын болады.


​Елорда әкімі жоспарланған жалпы қалалық сенбілік ауа-райына байланысты тоқтатылды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов қала тұрғындарына үндеу жасады,деп жазады Zakon.kz.

- Біздің қаланың ауа-райын ешқашан болжау мүмкін емес. Ауа-райы болжамы ертең де күн-райының суық болып, қар, жаңбыр жауатынын айтып отыр. Мұндай ауа-райында "тазалық флешмобы" және ағаш отырғызу былай тұрсын, далаға шығудың өзі жайсыз болады. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты мен алғашқы қалалық сенбілікті басқа күнге ауыстыру туралы ұсыныс тастадым,- деп жазды қала әкімі Facebook-тегі парақшасында.

Ол елорданы тазартуға арналған ең ірі акцияға қатысуға құлшыныс білдірген қала тұрғындарын ынта мен ниеттерін жоғалтпауға шақырды.

- Мен Нұр-Сұлтанға әлі жылы ауа-райы оралып, біздер астанамызды тазалау уақытын көңілді әрі тиімді өткізетінімізге үміт етемін! Жалпықалалық сенбіліктің өтку күні қосымша хабарланатын болады, - деді Бақыт Сұлтанов.

19 сәуір күні Нұр-Сұлтанда қар жауды. Қолайсыз ауа-райы алдағы екі күн бойы сақталмақ.