Елорда күні 1000 сәби дүниеге келді

0
393

Жаңа туған нәрестелердің саны бойынша Түркістан облысы рекордқа ие болды.


Елорда күні 1000 сәби дүниеге келді

ERNUR.KZ. Елорда күні Қазақстанда 1000 бала дүниеге келді, оның 505-і қыз және 495-і ұл, оның ішінде 8 жұп егіз, деп жазады sputnik.kz.

Жаңа туған нәрестелердің саны бойынша Түркістан облысы рекордқа ие болды, онда тәулігіне 146 сәби өмірге келді. Бала туу бойынша екінші орында - Алматы, мұнда 91 бала дүние есігін ашты, ал Алматы облысы мен Шымкент қаласының әрқайсында 76 сәбидің туған күні аталып өтті.
Бұл күні Ақтөбе облысы егіздер арасында көшбасшы болды, мұнда бірден екі егіз дүниеге келді.