Елорда тұрғындары Арыс қаласында зардап шеккендерге қолдау көрсетіп жатыр

0
1 305

«Арыспен бірге» атты жалпыреспубликалық акция аясында қызметкерлердің бір күндік жалақысы Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына аударады.


Елорда тұрғындары Арыс қаласында зардап шеккендерге қолдау көрсетіп жатыр

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қызметкерлері, қалалық мекемелері, кәсіпорындары Қазақстанда бастау алған «Арыспен бірге» атты жалпыреспубликалық акция аясында бір күндік жалақыларын Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына аударады, деп жазады astana.gov.kz.

Елорда әкімдігі Арыс қаласының 500 баласын жазғы лагерьге бір айға барлық қажетті заттармен, киіммен, аяқ киіммен, мектепке қажет құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етіп жібереді. Қаланың зардап шеккен тағы 1000 баласына жазғы демалысты Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті қабылдайды.

«Зардап шеккен отбасыларға Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен тұрғындары қаржылай тұрғыда да көмек көрсетеді», - деп атап өтті ол.

Акция аясында зардап шеккендерге Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлері мен меценаттары азық-түлік тұрғысынан гуманитарлық көмек көрсетеді.

Бұдан бөлек, елорданың 5 нүктесінде зардап шеккендер үшін қажетті заттарды қабылдау пункті ашылады. Қаланың тұрғын үйлері мен басқа да инфрақұрылым объектілерін қалпына келтіру үшін Нұр-Сұлтаннан Арыс қаласына құрылыс бригадалары мен қажетті құрылыс материалдарының керуендері тартылады.

Сонымен қатар, «Қазақстан медицина жастары» қоғамдық ұйымы зардап шеккен тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсету үшін медициналық оқу орындарының студенттері мен медицина қызметкерлері арасынан еріктілерді жинауда. Арыс қаласына 30-40 ерікті жіберу жоспарланып отыр.