Бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында 31 жастағы әйел көпқабатты үйдің 16-қабатынан секіріп, қайтыс болды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады Azattyq Rýhy.
ПД ақпаратынша, 15 маусым күні "102" нөміріне Е-753 көшесіндегі үйдің ауласында мәйіт табылғаны туралы ақпарат түскен.
"Полиция қызметкерлері әйелдің жеке басын анықтады. Ол елорданың 31 жастағы тұрғыны болып шықты", - делінген хабарламада.
Полиция марқұмның 16-қабаттан секіріп кеткенін нақтылады.
Бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды.