Ескерткіш Абай көшесінің бойында салынады.
ERNUR.KZ. Елордада «Абай әлемі» орталығы салынады. Бұл туралы бүгін Абайдың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.
«Нұр-Сұлтан қаласында Абайдың 175 жылдық мерейтойын өткізуге байланысты қала әкімшілігімен келістік. Қазір қала әкімшілігі жер бөлді. Өз есебінен жобалық-сметалық құжат жасауға кірісті. Бізге тапсырма берсеңіз, «Самұрық-Қазына» және басқа да компаниялардың есебінен Нұр-Сұлтан қаласында «Абай әлемі» деген үлкен орталық салсақ деген ойымыз бар. Оған қоса, қала әкімшілігі өз есебінен Абай көшесінің бойында ұлы ақынға қосымша үлкен ескерткіш орнататын болады», - деді Бердібек Сапарбаев.
Премьер-Миинстрдің орынбасары ақынның 175 жылдық мерейтойына орай мектептерде, оқу орындарында Абай әлеміне қатысты сабақтар, сипозиумдар, конференциялар сияқты шаралар өткізілу тиістігін айтты.