Елордада бесінші қабаттан 4 жасар бала көліктің үстіне құлап кетті

0
4 762

Бұл кезде күтуші үйде болған, ұйықтап қалған екен.


Елордада бесінші қабаттан 4 жасар бала көліктің үстіне құлап кетті

ERNUR.KZ. Соңғы тәулікте елордада үш бала көпқабатты үйлердің терезесінен құлап, барлығы жарақатпен ауруханаға түскен, деп жазады baq.kz.

25 шілде күні сағат 17:39-да Күмісбеков көшесіндегі күтушінің үйінде болған төрт жасар бала терезеге шығып, бесінші қабаттың терезесінен автокөлікке құлап түскен. Instagram-дағы Zhaloby_astana тобында оқиға орнынан видео жарияланды.

"Бұл кезде күтуші үйде болған, ұйықтап қалған екен. Түрлі жарақат алған бала ауруханаға жеткізілді. Баланың анасы баласын күтушіге қалдырып, өзі Бурабайға демалуға кеткен екен", - делінген құқық қорғау органдары таратқан хабарламада.
Дәл осы күні сағат 19:30-да 6 жасар қыз Қосшығұлұлы көшесіндегі үйде отырып, терезе шығып, құлап кетіп, екінші қабаттан жертөленің күнқағарына құлап түскен. Әкесі осы уақытта сыртта болған.

26 шілдеде аудандық полиция бөліміне ауруханадан бес жасар баланың ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Тәртіп сақшылары сағат 01:00 шамасында қыз бала Кубрин көшесіндегі үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткенін анықтады. Ол түрлі жарақат алған, ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды.

Бұл уақытта баланың ата-анасы үйде болған, бала балалар бөлмесінде отырған, ол ашық тұрған терезеге шығып, құлап кеткен, - деп нақтылады тәртіп сақшылары.

Полиция хабарлағандай, жыл басынан бері елордада көпқабатты үйлердің терезесінен 18 бала құлап, бір бала көз жұмған.