Компания мәліметінше, 1961 жылы және 1954 туған екі әйел түрлі жарақатпен аураханаға жеткізілді.
ERNUR.KZ. Елордада екі автобус соқтығысты, зардап шеккендер бар, деп жазады sputnik.kz.
CTS көліктік компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, № 20 жолаушылар автобусының жүргізушісі рөлге ие бола алмай қарсы жолаққа шығып кетіп, № 39 автобуспен соқтығысқан.
"Полиция № 20 автобустың жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Оның жүргізушісі жол ережесін бұзғандар реестрінен табылмады. Жолаушылар көлігін 5 жылдан бері жүргізіп келеді. Рейске шығар алдында, таңғы сағат 06.00-де медициналық тексеруден өткен", - делінген хабарламада.
Компания мәліметінше, 1961 жылы және 1954 жылы туған екі әйел түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Компания жүргізушіні тәртіптік кеңеске салуды және жұмыстан шеттетуді көздеп отыр.