Дегенмен ол қағып алу арқылы қыздың жарақатын жеңілдетуге ғана себепші болды.
ERNUR.KZ. Елордада ер адам 10 қабаттан құлаған бес жасар қызды қағып алды, деп жазады sputnik.kz.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 31 шілдеде болған. Кешкі сегіздер шамасында Қабанбай батыр 42 мекенжайында 2017 жылғы қыз бала терезеден құлады. Сол жерден өтіп бара жатқан ер адам қызды қағып алуға тырысты.
Дегенмен ол қағып алу арқылы қыздың жарақатын жеңілдетуге ғана себепші болды. Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр.
Төтенше жағдайлар департаменті Талғат Әбдіханұлы есімді ер адамды марапттау рәсіміне шақырды. Алайда ол қыздың жағдайына байланысты одан бас тартты.