Соңғы 2 күнде 370 орындық 3 стационар жабылған.
ERNUR.KZ. Бас шаһарда коронавируспен ауырғандар саны азайып келеді, деп жазады 24.kz.
Бұл жөнінде қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының брифингінде айтылды.
Мәселен, соңғы 2 күнде 370 орындық 3 стационар жабылған. Ал бұлар мамыр-шілде айларында, яғни індет өршіген кезде ашылған еді. Егер жағдай ушықпаса, келесі аптада тағы екі ауруханада инфекциялық орындар жабылады.
Жалпы тамыз айымен салыстырғанда соңғы күндері елордада ковид жұқтыру дерегі 3 есеге кеміген. Кейінгі бір аптада тәулігіне орташа есеппен 470 адамнан вирус анықталып жатыр.
Ал өткен айдың алғашқы онкүндігінде бұл көрсеткіш 1300-ге жеткен еді. Қазір инфекциялық стационарларда 1400-ден аса адам жатыр. Ауруханалар 41 процентке толық.