Елордада көлік қаққан 1,5 жастағы бала көз жұмды

0
60

Өкініштісі сол, бала оқиға орнында тіл тартпай кеткен.


Елордада көлік қаққан 1,5 жастағы бала көз жұмды

Фото: pixabay

ERNUR.KZ. Қазір қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған, деп жазады inbusiness.kz.

Иманов көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласында болған оқыс оқиғадан 1 жас 8 айлық сәби жан тапсырған.

Полиция Kia Seltos көлігінің жүргізушісі ауладағы жолмен келе жатқанын мәлім етті. Сол сәтте бала жолға жүгіріп шыққан.

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті.

Полиция өз кезегінде көлік жүргізушілеріне аулада аса сақтықпен жүру керегін, ал ата-аналарға кішкентай балаларды жол маңында қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Бұған дейін Ақмола облысында бірнеше бала 1-сынып оқушысына қоқан-лоққы көрсетіп, ұрып-соққанын жазған едік.