Елордада көлік қаққан бойжеткен оқиға орнында мерт болды

0
1 324

Жүргізушінің мас болмағаны анықталған.


Елордада көлік қаққан бойжеткен оқиға орнында мерт болды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында «Тoyota Lаnd Cruiser» көлігі басып кеткен 19 жастағы қыз қаза тапты, деп хабарлайды Хабар24.


«Елордада 19 желтоқсан күні сағат 17:58-де «Toyota land cruiser 200» көлігінің 53 жастағы жүргізуші Иманов көшесі жақтан Әуезов көшесіне қарай келе жатып, бұрылыс кезінде бағдаршамның рұқсат етілген жасыл түсіне өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. 19 жастағы тұрғын алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Жүргізушінің мас болмағаны анықталып, қамауға алынды», - делінген Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.


Қайғылы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.