Елордадағы екі мектепке араб шейхтарының есімі берілді

0
1 201

Ол әлемдегі ең жас әрі бай монарх.


Елордадағы екі мектепке араб шейхтарының есімі берілді

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында араб шейхы Халифа бин Заид әл-Нахаянның есімі мектеп атауына берілді, деп жазады Skifnews.kz.

Мұнан бөлек, Үкімен қаулысымен елордалық 10 білім ордасына қазақтың Әлихан Бөкейханов, Бейімбет Майлин, Ахмет Байтұрсынұлы алыптарыныі есімі берілді. Оған қоса, екі мектепке араб шейхтарының есімімен аталды.

№ 84 мектеп-лицейіне шейх Халифа бен Заид әл-Нахаянның, ал № 85 мектеп-лицейіне шейх Тамим бен Хамад әл-Танидің есімі қойылды.

Ашық дереккөздеріне иек көзжүгіртсек, Халифа бен Заид әл-Нахаян - БАӘ президенті, оның байлығы 18 млрд долларға бағаланған. Айтпашқы, бұл шейх Қазақстанның 1 дәрежелі "Достық" ордені және "Бүркіт" орденімен марапатталған.

Ал Тамим бен Хамад әл-Тани шейх болса, Катар мемлекетінің 4-ші әміршісі. Ол әлемдегі ең жас әрі бай монарх. Ол да Қазақстанның мемлекеттің наградасының иегері. Мәселен, 1 дәрежелі «Достық» орденінің иегері.

Естеріңізде болса, бұған дейін қала билігі жоғарыда аталған екі мектепті неге олардың құрметіне атау туралы шешім қабылданғанын түсіндірген еді.