Одан бөлек, №84 мектеп-лицейі шейх Халифа бен Заид әл-Нахаян және №85 мектеп-лицейіе шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәнидің есімімен аталатын болады.
ERNUR.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, елорданың бірнеше мектебіне Алаш арыстарының есімі берілді, деп жазады ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, елордадағы «Оқушылар сарайына» әл-Фараби, №10 мектеп-гимназияға Жұмабек Тәшенев, №48 мектеп-лицейіне Ахмет Байтұрсынұлы, №52 мектеп-гимназиясына Бейімбет Майлин, №56 мектеп-лицейіне Шәкәрім Құдайбердіұлы, №57 орта мектепке Мәшһүр Жүсіп, №58 мектеп-гимназиясына Ілияс Жансүгіров, №68 мектеп-гимназиясына Міржақып Дулатұлы, №76 мектеп-лицейіне Әлихан Бөкейхан және №80 мектеп-гимназиясына Сәкен Сейфулин есімі берілді.
Мұнан бөлек, №84 мектеп-лицейі шейх Халифа бен Заид әл-Нахаян және №85 мектеп-лицейіе шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәнидің есімімен аталатын болады.