​Енді археологтерге роботтар көмектеседі

0
81

Орталық Азияның ең үздік мектеп оқушылары биыл археология тақырыбында жұмыс атқарды.


​Енді археологтерге роботтар көмектеседі

Фото: Синьхуа

ERNUR.KZ. Енді археологтерге көмектесетін роботтар бар. Бұл туралы Jibek joly телеарнасының жаңалықтар қызметінде айтты, деп жазады inform.kz.
Инновациялық жоба «ALEM TECH FEST 2026» чемпионатында таныстырылды. Осымен 6-шы рет өтіп жатқан додаға 5 мыңнан астам өнертапқыш қатысып жатыр.
Орталық Азияның ең үздік мектеп оқушылары биыл археология тақырыбында жұмыс атқарды.
Оқушылар көне жәдігерлерді зерттеп, ғалымдардың жұмысын жеңілдететін, артефактілерді қаз-қалпында сақтайтын ақылды роботтарды алаңға шығарды.
Бұл жарыста жеңгендер АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін әлем чемпионатына аттанады.
Айта кетейік, қазақ жастары осындай додада төрт рет топ жарған еді.
— Биылғы маусымның тақырыбы ол археология және командалар археологтерге арнайы мәселелерін тауып, сол мәселелерді инженерлік түрмен шешу керек. Ең мықты деген командалар қазір осы жақта жиналды. Осы жарыста жеңген командалар кейін үлкен халықаралық жарыстарға шығады, — деді USTEM Robotics қорының директоры Асылбек Мырзахметов.