Енді баспана кезегінде тұрған қазақстандықтар тізімінен сәйкес келмейтін үміткерлер шығарылады

0
2 283

Бүгінге дейін әкімдіктер 10 мың адамды кезектен шығарып үлгерді.


Енді баспана кезегінде тұрған қазақстандықтар тізімінен сәйкес келмейтін үміткерлер шығарылады

ERNUR.KZ. Индустрия және құрылыс министрлігі енді баспана кезегінде тұрған қазақстандықтар тізімінен сәйкес келмейтін үміткерлердің шығарылатынын жеткізді. Бұл кезектің тезірек келуіне көмектеседі, деп жазады stan.kz.

Кезекте тұрғандардың біразының жеке баспанасы бар болып шықты. Басқалары құжаттарды тапсыру кезінде қателіктер жіберген.

Бүгінге дейін әкімдіктер 10 мың адамды кезектен шығарып үлгерді. Ал өзге қазақстандықтар баспаналарын күтуді жалғастыруда. Кейбірі он жыл немесе одан да көп уақыт күтуі мүмкін.

“233 мыңға жуық адам бұл талаптарды орындамағаны үшін тізімнен шығарылуы мүмкін. Кезектен оларды алып тастаса, артта тұрғандардың кезегі алға жылжиды. Яғни баспанаға тезірек қол жеткізуге болады", - деді Индустрия және құрылыс комитетінің басқару жөніндегі сарапшысы Самат Бекжігіт.