Енді Қазақстанда пойыздан пойызға ауысу билеттерін сатып алуға болады

0
518

Веб-сайтта билеттерді сатып алғанда, жолаушылар "Ауысыммен жүру/құрамды маршрут" атты жаңа функцияны пайдалана алады.


Енді Қазақстанда пойыздан пойызға ауысу билеттерін сатып алуға болады

ERNUR.KZ. "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі енді қазақстандықтардың пойыздарға билеттерді станциядан станцияға ауысым (пересадка) арқылы сатып ала алатынын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Веб-сайтта билеттерді сатып алғанда, жолаушылар "Ауысыммен жүру/құрамды маршрут" атты жаңа функцияны пайдалана алады.

"Тікелей қосылым немесе бос орындар болмаған жағдайда, функция пойыздан пойызға ауысатын бағытты таңдауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қызметті Қостанай – Семей, Екібастұз – Алматы, Ерейментау – Орал, Петропавл – Ақтөбе, Шымкент – Арқалық, Шымкент – Петропавл, Қостанай – Шымкент және Атырау – Семей бағыттары бойынша билет сатып алу кезінде пайдалануға болады.