Жаңа талап күзден бастап күшіне енеді.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жарнамаға және қаржы өнімдерін басқаруға арналған жаңа талаптарын атады. Банктер мен микроқаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін ұсынуына қатысты жаңа талап күзден бастап күшіне енеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Заңның негізгі талабы тұтынушылық несиелерге қатысты. Нақтырақ айтқанда, қарыз алушы несие алған сәттен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде барлық қаржыны мерзімінен бұрын өтеу үшін банктің несиесін айыппұл мен өсімақысыз қайтара алады. Ереже кепілсіз несиелерге қолданылады. Бұл жағдайда клиент ақшаны нақты ұстаған күндері үшін ғана пайыз төлейді.
Жаңа талап 2026 жылдың 12 қазанынан бастап күшіне енеді.
Бұрын клиент алған несиесінен бірден бас тартып немесе қайтарып бере алмайтын. Несиені мерзімінен бұрын жабу үшін банктерге өтініш беріп, кейде қосымша комиссиялар немесе сол кезеңдегі есептелген толық сыйақыларды төлеуге тура келетін.
Сондай-ақ банктер клиентке алғашқы екі аптада айыппұлсыз бас тарту құқығы туралы міндетті түрде алдын ала ескертпейтін еді.


