Енді полицейлерді видеоға түсіруге тыйым салынуы мүмкін

0
629

Түзету қабылданған жағдайда видео таратқандарға 5 мың сом (шамамен 28 мың теңге – ред.) айыппұл салынады не 5-7 күнге дейін қамауға алу жазасы қолданылады.


Енді полицейлерді видеоға түсіруге тыйым салынуы мүмкін

ERNUR.KZ. Қылмыстық кодекске және құқық бұзушылық туралы Кодекске Жоғарғы Кеңес депутаттары Сүйінбек Өмірзақов, Винера Райымбачаева, Әлішер Ербаев, Құндызбек Сулайманов және Ыысбек Атажанов түзетулер енгізуді ұсынды. Заң жобасы Парламентке түсті, деп жазады inbusiness.kz.

Қырғыз депутаттары қоғамда ішкі істер органдары мен басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне бағынбау, қорлау және қарсылық көрсету, қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың жұмысына заңсыз араласу, беделін түсіру мақсатында фото және бейнетүсірілім және оны әлеуметтік желілерде тарату фактілері жиілеп кеткенін атап көрсетеді.

ІІМ деректеріне сәйкес, 2022 жылы ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаудың 82 фактісі тіркелді, 2023 жылы – 128, бұл жағдайлар заңбұзушылық санының өскенін көрсетеді.

Бастамашылар өздерінің қызметтік, кәсіби қызметін немесе қоғамдық борышын атқаратын адамға қатысты жасалған бұзақылық үшін күшейтілген жауапкершілікті енгізуді ұсынады.

Депутаттар құқық бұзушылық туралы кодекстің 128-бабын жаңа редакцияда жазуды ұсынады. Құқық қорғау органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің) заңды талабына бағынбағаны үшін, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді атқаратын өзге адамға, сол сияқты өзінің қызметтік міндеттерін орындайтын қызметкерлердің қызметіне құқыққа қайшы араласқаны үшін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметін беделін түсіру мақсатында материалдарды кейіннен интернетте сайтта тарата отырып, фото және бейнетүсірілім жасағаны үшін айыппұл – 50 есептік көрсеткіш (5 мың сом) немесе бес-жеті тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.