Енді жарысқа баратын оқушыларды полиция бақылайды

0
138

Үкімет басшысы министрліктерге және өңір әкімдіктеріне каникул кезінде тиісті қызметтерді мұқият қадағалауды тапсырды.


Енді жарысқа баратын оқушыларды полиция бақылайды

ERNUR.KZ. Енді жарысқа баратын оқушыларды полиция қадағалауға міндетті болады. Премьер-министр Олжас Бектенов енді спорттық жарысқа қатысуға баратын оқушыларды полиция қадағалайтынын айтты, деп жазады baq.kz.

Спортшы оқушылар мінген көліктердің жол апатына түсіп, қайғылы жағдайларға алып келгені баршаға аян. Сондықтан тиісті келісулер, рұқсаттар болмаса және патрульдік полиция бастап жүрмесе, спортшы балалардың өз елді мекендерінен тыс жерлерге шығуына жол бермеуді тапсырамын, - дейді Бектенов.

Үкімет басшысы министрліктерге және өңір әкімдіктеріне каникул кезінде тиісті қызметтерді мұқият қадағалауды тапсырды.

Барлық ұйымдастыру мәселелері 1-ші маусымға дейін шешімін табуы керек. Жалпы, мүдделі мемлекеттік органдар жазғы маусым алдында су айдындарында, ормандар мен жолдардағы қауіпсіздік және тәртіп ережелері бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізсін, - дейді ол.