Бір жылдың ішінде заңбұзушылық қайталанса, бұл сома екі есе өседі.
Фото: Depositphotos.com
ERNUR.KZ. Жүргізушілерге айыппұлдың жаңа түрі енгізілді. Енді жылдамдықты сағатына 60 шақырым қашықтықтан асырған көлік иелері 157 мың теңге төлейді, деп жазады stan.kz.
Бір жылдың ішінде заңбұзушылық қайталанса, бұл сома екі есе өседі. Жаңашылдық бойынша камералар арасындағы орташа жылдамдық есептеледі. Яғни бір "Сергектен" екіншісіне дейін белгіленген жылдамдықты асырмау қажет. Жаңа заң бойынша қарсы жолаққа шыққандарға да жаза күшейді.
Бұдан былай аталған жол ережесін бұзған адам 6 айға дейін жүргізуші куәлігінен айырылады. Егер бұл әрекет жол апатына алып келсе, онда 78 теңге көлемінде айыппұл немесе 9 айға куәліктен айыру қарастырылған.