Ер адам балаларын құтқарып, өзі Есілге батып кетті

0
731

Қыздардың 45 жастағы әкесі суға күмп беріп, балаларын құтқарады.


Ер адам балаларын құтқарып, өзі Есілге батып кетті

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында бір аптада үш адам суға кеткен, деп жазады ҚазАқпарат.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Есіл ауданында жантүршігерлік оқиға болған. Есіл өзенінің жағасында демалып жатқан отбасының 14 және 16 жастағы екі қызы 9 жасар туысымен сельфи түсірмек болады. Бір кезде қуатты толқын оларды ағызып әкетеді. Қыздардың 45 жастағы әкесі суға күмп беріп, балаларын құтқарады. Алайда өзі өзеннің адуынды толқынынан шыға алмай, батып кеткен.

Аққайың ауданында 69 жастағы ер адам балық аулаймын деп суға кеткен. Араға екі күн салып, Қызылжар ауданында да осындай оқиға қайталанды. Бұл жолы 31 жастағы ер адам қаза тапқан.

Олардың денелерін құтқарушылар судан шығарып алған. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан рұқсат етілмеген жерде, мас күйде, арнаулы шомылу құралдарынсыз шомылмауын, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.