Ер адам жатақханада қыз бен жігіттің ұрсысып тұрғанын пайдаланып қылмыс жасады

0
553

Астаналық жатақханадағы төбелес кезінде үй иесінің ұялы телефонын ұрлап кетеді.


Ер адам жатақханада қыз бен жігіттің ұрсысып тұрғанын пайдаланып қылмыс жасады

ERNUR.KZ. Елордада ер адам қыз бен жігіт ұрсысып тұрған кезде телефон ұрлады, деп жазады sputnik.kz.

Криминалдық полиция қызметкерлері бұған дейін сотталған 34 жастағы астаналықты ұстады.

Күдікті досымен бірге танысын жатақханаға жеткізіп тастаған. Қыз оларға күте тұруды өтініп, өзі досының бөлмесіне көтеріледі.

Таныстарын ұзақ күтіп қалған жігіттер жатақханаға кіреді. Бөлмеде қыз бен жігіт ұрсысып тұр екен. Жанжалдан кейін төбелес басталады. Осы сәтте күдікті керуетте жатқан үй иесінің ұялы телефонын қалтасына салып, сыртқа шығып кетеді. Үйіне келген соң, ұрланған телефонның сим-картасын лақтырып жібереді.

Ұрлық жайлы полицияға жәбірленушінің өзі хабарлады.

Ер адам кінәсін мойындады. Ұрланған телефон иесіне қайтарылды.

Бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.