Ералы Тоғжанов 10 сотық жер телімін беруге қатысты пікір білдірді

0
2 385

Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті.


Ералы Тоғжанов 10 сотық жер телімін беруге қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысында 10 соты жер телімін беру мәселесі көтерілді, деп жазады ҚазАқпарат.

«10 соты жер телімі бойынша Кодексте жазылған. Ұнай ма, ұнамай ма - беру керек, ол - Кодекс нормасы. Сондықтан бұл мәселеде барлығын ретке келтірген жөн», - деді Еуропалық құқық және адам құқығы сарапшылық институтының директоры, саясаткер Марат Башимов.

Өз кезегінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов көтерілген мәселе жан-жақты қаралатынын айтты. Оның сөзінше, 10 соты жер телімін бөлуге қатысты ең алдымен тиісті жұмыстар атқарылуы керек. Яғни жер телімі берілетін болса, инфрақұрылымның салынуына ерекше назар аударылуы тиіс.

«Инфрақұрылымның өзін жүргізу үшін орта есеппен 4 трлн-нан артық қаражат керек болады. Сондықтан осының барлығын есептеуіміз керек. Бұл бағыттағы жұмыстар бір күнде шешілетін мәселе емес», - деді Е. Тоғжанов.

Айта кетейік, бүгін Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті.

Комиссия әр сенбі сайын отырыс өткізеді.