Ердоған Түркиядағы жер сілкінісі салдарын жоюға атсалысқан құтқарушыларды марапаттады

0
527

Сексеннен астам ел өкілдері қатысқан шарада Қазақстан төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев "Жер сілкісіні салдарын жоюға көмек көрсеткені үшін" медалімен наградталды.


Ердоған Түркиядағы жер сілкінісі салдарын жоюға атсалысқан құтқарушыларды марапаттады

ERNUR.KZ. 2023 жылғы 25 сәуірде Түркияның Анкара қаласында президент ел президенті Режеп Тайип Ердоған жойқын жер сілкінісінің салдарын жою кезінде құтқару бөлімшелерін басқарған төтенше ведомстволардың өкілдеріне мемлекеттік награда табыс етті, деп жазады zakon.kz.

Сексеннен астам ел өкілдері қатысқан шарада Қазақстан төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев "Жер сілкісіні салдарын жоюға көмек көрсеткені үшін" медалімен наградталды.

"Марапат үшін алғысымды білдіремін.Бауырлас Түрік халқына тағы да көңіл айтамын. Құтқаруға қатысқан барша халыққа, құтқарушылар мен дипломатиялық корпусқа алғыс! Біз Түркия халқы жақын арада табиғи апаттың салдарын жеңеді деп сенеміз".Ибрагим Күлшімбаев

2023 жылы 6 ақпанда таңертең Түркия мен Сирияда 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі болды.

7 ақпан күні Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының бірінші легі Алматыдан жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға аттанды.

Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияға 8 ақпан күні кетті.

Түркияның үш өңірінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу басталғаннан бері Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының күштері 7 адамды құтқарды.Қаза тапқан 88 адамның, оның ішінде 10 баланың денесі шығарылды.

Қазақстандық құтқарушылар қолмен, сондай-ақ инженерлік техниканы, авариялық-құтқару жабдықтарын, шанц аспаптарын тарта отырып, 250 мың текше метрден астам үйіндіні қопарып, іздестіру жұмысын жүргізді.