Ерлан Саиров Ұлттық домбыра орталығын ашу мәселесін көтерді

0
552

AMANAT фракциясының мүшелері ҚР Премьер-Министрі орынбасарының атына Қазақстанда Ұлттық домбыра орталығын ашу жөнінде депутаттық сауал жолдаған.


Ерлан Саиров Ұлттық домбыра орталығын ашу мәселесін көтерді

ERNUR.KZ. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Саиров Ұлттық домбыра орталығын ашуға қатысты Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың атына сауал жолдады, деп жазады ҚазАқпарат.

AMANAT фракциясының мүшелері ҚР Премьер-Министрі орынбасарының атына Қазақстанда Ұлттық домбыра орталығын ашу жөнінде депутаттық сауал жолдаған. Елімізге ресми сапармен келген Рим Папасы Францисктің өзі домбыраның әлемдік рухани потенциалы жөнінде атап өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасына қазақтың рухани өмірінің символы ретінде домбыраны сыйға тартты. Яғни домбыраны мемлекеттік деңгейде ұлықтап, халықаралық бренд жасау - уақыт талабы», - деді Е. Саиров.

Оның пайымынша, Ұлттық домбыра орталығын ашу - жаһандану заманында ұлтымыздың рухани келбетін сақтап қалудың бір жолы.

«Сондықтан Дәурен Әскербекұлының (Мәдениет және спорт министрі) атына депутаттық сауалды қайта жолдап отырмыз», - деді депутат.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бұрынғы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов депутаттарға берген жауабында Ұлттық домбыра орталығын құру мәселесі қосымша пысықтауды талап ететінін айтқан .