Ермек Қуантыров «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының бас директоры болды

0
533

Осы уақытқа дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.


Ермек Қуантыров «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының бас директоры болды

ERNUR.KZ. Ермек Қуантыров «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының Құқықтық сүйемелдеу және сатып алу жөніндегі бас директоры болды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ермек Қуантыров 2023 жылғы 5 шілдеден бастап Қазатомөнеркәсіптің құқықтық сүйемелдеу және сатып алу жөніндегі бас директоры лауазымына тағайындалды. Е.Қуантыровтың функционалдық міндеттеріне құқықтық қамтамасыз ету процесіне басшылық жасау, халықаралық-құқықтық ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік ету, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі қызметті ұйымдастыру, сондай-ақ кешенді басқаруды жүзеге асыру және сатып алу процестері мен компанияның корпоративтік басқаруына басшылық жасау кіреді», - деп жазды компанияның баспасөз қызметінен.

Е.Қуантыров 1.0 президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеген, соның ішінде Ұлттық зияткерлік меншік институтын (Қазпатент) басқарды, сонымен қатар Колумбия университетінің құқық магистрі (LL.M.) дәрежесіне ие.

Қазатомөнеркәсіптің құқықтық сүйемелдеу және сатып алу жөніндегі бас директоры лауазымына тағайындалғанға дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.