Эротикалық видео көрсеткен: Бишімбаев тағылған айыпқа қатысты өз нұсқасын айтты

0
479

Айғақтар беру кезінде Бишімбаев, тергеу мен айыптау нұсқасы бойынша, ол жұбайы Салтанат Нүкеноваға "порнографиялық мазмұндағы бейне" көрсеткен деген деректі еске салды.


Эротикалық видео көрсеткен: Бишімбаев тағылған айыпқа қатысты өз нұсқасын айтты

ERNUR.KZ. Сотта сотталушы Қуандық Бишімбаев куәлік беріп жатыр. Бұл жолы экс-министр эротикалық видео эпизоды туралы айтып өтті. Тергеу мен айыптаушы тарап нұсқасы бойынша, оны Салтанат Нүкеноваға көрсеткен, деп жазады tengrinews.kz.

Айғақтар беру кезінде Бишімбаев, тергеу мен айыптау нұсқасы бойынша, ол жұбайы Салтанат Нүкеноваға "порнографиялық мазмұндағы бейне" көрсеткен деген деректі еске салды.

"Маған аноним нөмірден Telegram-арнаға сілтеме келді: "Қараңыз, мұнда әйеліңізге ұқсайтын адамды көресіз". Бұл түнде болатын, мен жанталасып қарай бастадым, бір эротикалық видеоны көрдім. Қыз өте ұқсас. Беті көрінбейді, бірақ қатты ұқсайды (Салтанатқа – еск.). Әрине, мен (елемей – еск.) қоя алмадым. Не істер едім? Мен оны көрсеттім де: "Кешір, маған неге мұндайды жібереді" дедім", – деді Қуандық Бишімбаев.

Сотталушы әйелінен ол видеода бар-жоғын түсіндіруді сұрағанын айтты. Оқиға Бишімбаевтың айтуынша, олардың үйлену тойынан шамамен 10 күн өткен соң болған.

"Отбасылық өміріміз осылай басталды. Мен өзі емес екенін айтқан уәждерін қабылдадым (видеодағы - еск.). Кейбір айырмашылықтар бар екені анық болды, бірақ дерек болды", - деп қосты Бишімбаев.