Ержан Жиенбаев Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды

0
109

Ержан Жиенбаев 1981 жылы Алматыда дүниеге келген.


Ержан Жиенбаев Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды

Фото: Ақорда

ERNUR.KZ. Ержан Жиенбаев Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп жазады tengrinews.kz.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген құжатта.

Бұған дейін ол Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметін атқарған.

Ержан Жиенбаев 1981 жылы Алматыда дүниеге келген. Қаржы министрлігінде жұмыс істеген. Жиенбаев Премьер-министр кеңсесінде аға сарапшы, бас сарапшы, бас кеңесші, сектор меңгерушісі және заң бөлімінің меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2012 жылдан 2013 жылға дейін Премьер-министр кеңсесінде заңнама, қорғаныс және құқық қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

2013 жылдан 2019 жылдың шілдесіне дейін Жиенбаев Премьер-министр кеңсесінде заң бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.