Есікте екі қызды көлік қағып кетті

0
186

4 және 3 жастағы қыздар оқиға орнында қаза тапты.


Есікте екі қызды көлік қағып кетті

ERNUR.KZ. Есікте көлік екі қызды қағып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, олар 14 және 3 жаста болған. Әлеуметтік желіде қайғылы оқиға орнынан түсірілген видео жарияланды, деп жазады tengrinews.kz.

"8 маусымда кешкі сағат 21:10-да саяжай аумағында көлік қағып кеткен 14 және 3 жастағы қыздар оқиға орнында қаза тапты", - делінген видео сипаттамасында.



Жол апатының мән-жайы анықталып жатқаны айтылды. Алматы облысының Полиция департаменті жол апатына қатысты пікір берді.

"8 маусымда Mercedes Benz жүргізушісі Есіктегі Алтын Адам аллеясы көшесімен келе жатып, кәмелетке толмаған екі қызды қағып кетті. Апат салдарынан кәмелетке толмағандардың екеуі де сол жерде қаза болды. Автокөліктің жүргізушісі УҰИ-ға қамалды", - деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалған.