Есілде балықтардың жаппай су бетіне шығу себебі анықталды

0
864

Мамандар Есіл өзенінің үш жерінен сынама алған.


Есілде балықтардың жаппай су бетіне шығу себебі анықталды

«Қазгидромет» РМК елордадағы Есіл өзенінде балықтардың ерекше құбылысын тексеру мақсатында сынамалар алып, су сапа стандарттарына сәйкес келмейтінін анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Қазгидрометтің» астаналық мамандары балықтардың жаппай су бетіне шығуын анықтау үшін Есіл өзенінің үш жерінен сынама алған болатын. Бірінші күннің талдау нәтижелерінде нормадан ауытқулар табылмады. Судың сапасына талдау 42 физика-химиялық көрсеткіш бойынша жүргізілуде.

Кейін, оттегіні химиялық тұтыну 37,1-47,2 мг/дм3 мөлшерінде екені анықталды. Бұл - шекті нормадан 1,1-1,3 есеге көп. Мұндай жағдай суға сынама алынған барлық нүктеде байқалған.

«Ақпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне жіберілді», - делінген «Қазгидромет» ақпаратында.

Енді, 31 мамырда 5 тәулік ішінде дайын болатын «оттегіні биохимиялық тұтыну (5)» сынамасының нәтижесі жарияланатын болады.