Ескендір Хасанғалиевтің ұлы жаңа қызметке тағайындалды

0
90

Біржан Хасанғалиев – қазақтың белгілі композиторы, әнші Ескендір Хасанғалиевтің ұлы.


Ескендір Хасанғалиевтің ұлы жаңа қызметке тағайындалды

Фото: instagram.com/qazaq_philharmonic

ERNUR.KZ. Біржан Ескендірұлы Хасанғалиев Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы директорының менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды, деп жазады stan.kz.

Ақпарат ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің шешімінде айтылған.

Біржан Хасанғалиев жаңа қызметінде филармонияның менеджмент және маркетинг бағыттарына жетекшілік етеді.

“Біржан Ескендірұлын жаңа қызметімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт, толағай табыс және жаңа белестер тілейміз. Жаңа қызметіңіз жемісті болсын!” – делінген құттықтау мәтінінде.

Айта кетейік, Біржан Хасанғалиев – қазақтың белгілі композиторы, әнші Ескендір Хасанғалиевтің ұлы.