Қабылданған шара пайдаланушылардың ЭЦҚ кілтін заңсыз қолданудан қорғауға, қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.
Фото: uralskweek.kz
ERNUR.KZ. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жеке кабинетте ЭЦҚ кілтін қайта шығару кезінде қосымша тексеру кезеңін енгізді, деп жазады inbusiness.kz.
Қосымша тексеру екі жолмен жүргізіледі:
- SMS арқылы – Қазақстанның мобильді азаматтар базасында тіркелген нөмірге бір реттік код жіберіліп, оны енгізу қажет болады;
- eGov Mobile қосымшасындағы цифрлық құжаттағы кодты енгізу арқылы.
Айта кету керек, бұл механизм Қазақстан бейрезиденттеріне қолданылмайды, себебі олардың телефон нөмірі елдің мобильді азаматтар базасында тіркелмеген.


