Еуропаға заңсыз шығарылған активтерді елге қайтаруға болады – Құрылтай заңды қабылдады

0
159

Конвенцияға сәйкес, оның қатысушылары бір-біріне қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетуге міндетті.


Еуропаға заңсыз шығарылған активтерді елге қайтаруға болады – Құрылтай заңды қабылдады

фото: Sputnik

ERNUR.KZ. Құрылтай депутаттары қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы еуропалық конвенцияны ратификациялау туралы заңды қабылдады, деп жазады sputnik.kz.
Конвенция қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек алу және көрсету мәселелері жөнінде құзыретті органдар арасындағы қатынастарды реттеуге бағытталған.
"Конвенцияға қосылу Қазақстанға елдің құқық қорғау органдарының өндірісіндегі қылмыстық істер бойынша дәлелдемелер алуға және заңсыз жолмен алынып, шетелге шығарылған активтерді елге қайтаруға мүмкіндік береді. Бұл қылмыстық істерді, оның ішінде трансұлттық қылмыспен байланысты істерді тергеудің жеделдігі мен тиімділігін арттырады", - дейді депутаттар.
Конвенцияға сәйкес, оның қатысушылары өзара негізде және онда көрсетілген талаптар сақталған жағдайда бір-біріне қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетуге міндетті.
Айта кетері, қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Еуропа конвенциясы 1959 жылы 20 сәуірде Страсбургте рәсімделген болатын.