Эвересті бағындырған қазақстандық альпинистерге пәтер берілді

0
362

Эверестті бағындырған альпинистер елге 20 мамырда оралған болатын.


Эвересті бағындырған қазақстандық альпинистерге пәтер берілді

ERNUR.KZ. Ғаламшардың ең биік шыңы Эверест шыңына (8 848 м) шыққан қазақстандық альпинистер Мақсұт Жұмаев, Анар Бурашева және Әлмір Қымбатбайұлына пәтер сертификаттары табыс етілді, деп жазады inform.kz.

Бүгін экспедиция қатысушылары – Эверестке шыққан тарихтағы тұңғыш қазақ қызы Анар Бурашева мен оның жетекшісі, ғаламшардағы 14 сегіз мыңдықтың барлығын бағындырған аты аңызға айналған қазақ альпинисі Мақсұт Жұмаев және Әлмір Қымбатбайұлы баспасөз мәслихатын өткізді.

Іс-шара барасында қазақстандық ірі құрылыс компаниясы үш альпинистке Алматыдан екі бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті.

Еске салайық, Эверестті бағындырған альпинистер елге 20 мамырда оралған болатын.