«Жою» туралы теория ПТР талдауын тапсыру арқылы COVID-19 жұқтыруға болады деген тезиске негізделген.
иллюстрациялық фото
What ‘ sApp мессенджерінде пандемия – адамдарды жою жоспары екендігі туралы айтылған видео ролик таратылуда. Бұл жалған, деп хабарлайды, ERNUR.KZstopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
COVID-19 – шынайы өмірде бар ауру, оның қоздырғыштары SARS-CoV-2 коронавирусының штаммы болып табылады. Әлем бойынша инфекция жұқтыру жағдайлары тіркеліп, кейбір жағдайларда ауру өте ауыр түрде өтіп, өлімге әкелгендіктен індет пандемиясы жарияланды.
Қорыта айтқанда, «адамдарды жою» жоспарлары туралы мәлімдемелер ешқандай негізі мен дәлелі жоқ қастандық теориясы болып табылады. ПТР-тестілеу коронавирустық инфекцияны жұқтыруға ықпал етпейді, ал вакцинация Қазақстанда ерікті түрде жүргізіледі.