Өзге екі жұмысшының жағдайы жақсарды.
ERNUR.KZ. Қарағанды ферроқорытпа зауытында болған апаттан зардап шеккен 2 жұмысшының жағдайы әлі де ауыр. Олар қазір жансақтау бөлімінде, деп жазады inbusiness.kz.
Qazaqstan арнасының мәліметінше, өзге екі жұмысшының жағдайы жақсарды. Дәрігерлердің бақылауында. Ал жұмыс беруші компания алдырған ресейлік мамандар елдеріне қайтты. Қазір олар жергілікті дәрігерлерге онлайн кеңес беруде.
Естеріңізге сала кетейік, он күн бұрын ферроқорытпа зауытында пештен жалын атқылап, 8 жұмысшы зардап шеккен болатын. Төртеуі қайтыс болды. Ең жасы – 25 те.