Дәрігерлер олардың өмірі үшін күресуді жалғастыруда.
ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау басқармасы ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай кезінде зардап шеккен екі адам реанимациядан жалпы палатаға ауыстырылғанын хабарлады. Тағы екі науқас әлі де өте ауыр жағдайда, деп жазады inform.kz.
"Профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың комбустиология бөлімінде орналасқан Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында зардап шеккен екі қызметкеріне жалпы жағдайының жақсаруына байланысты емдеу-қорғау режимі жеңілдетілді. Енді пациенттер палатада жүре алады, жақын туыстарының қысқа мерзімді келуіне рұқсат етіледі", - деп хабарлады облыстың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Дәрігерлердің айтуынша, тағы екі пациент әлі де жан сақтау бөлімінде өте ауыр жағдайда. Дәрігерлер олардың өмірі үшін күресуді жалғастыруда.
"Бүгінгі таңда күйік жарақатымен түскен зардап шеккендердің екеуінің жағдайы жақсаруына байланысты жалпы палаталарға ауыстырдық. Олар шок күйінен шығарылды. Науқастарға күйікке қарсы шараларға бағытталған қосымша терапия жүргізілуде. Екі науқас өте ауыр жағдайда реанимацияда. Олардың өмірі үшін күрес жалғасуда. Қарқынды терапия жүргізілуде", - дейді Х. Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың травматологиялық орталығының жетекшісі.профессор Берік Төлеубаев.
Кеше түнде балқыту цехының механигі Адамчук Дмитро мен бас механик қызметінің шебері Жетпісбаев Төлеген күйіктен қайтыс болды.
24 шілде күні таңертең зауытта технолог болып жұмыс істеген 25 жастағы Ерұлан Қазкен қаза болды.
22 шілдеде Музафар Исмаилов алған күйіктерінен қайтыс болды. Ол Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданындағы Үміткер ауылында жерленген.
Естеріңізге сала кетейік, 20 шілдеде Қарағандыда ферроқорытпа зауытының пешінде кенеттен жалын шықты. ТЖ салдарынан кәсіпорынның сегіз қызметкері зардап шекті. Олар Профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жатқызылған болатын. ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің тапсырмасы бойынша қосымша медициналық көмек алу үшін Қарағандыға Академик Н. Д. Батпенов атындағы Ұлттық Травматология және ортопедия ғылыми орталығының қызметкерлері келді.