FIFA Қазақстан футболына 115 миллион теңге бөлді

0
147

Бөлінген қаржының жартысы, яғни 125 мың доллары Қазақстан бойынша болашағынан үміт күттіретін жас футболшыларды іздеу және іріктеуге бағытталған "Болашақ чемпиондары" жобасына жұмсалады.


FIFA Қазақстан футболына 115 миллион теңге бөлді

Фото: zhasalash.kz

ERNUR.KZ. Ұйым Қазақстан футбол федерациясының Talent Development Scheme бағдарламасы аясындағы 2026 жылға арналған өтінімін мақұлдап отыр. Сол себепті, елдегі балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар грант бөлген, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл – қазіргі бағаммен шамамен 115 миллион теңгеге жуық қаржы.

Бөлінген қаржының жартысы, яғни 125 мың доллары Қазақстан бойынша болашағынан үміт күттіретін жас футболшыларды іздеу және іріктеуге бағытталған "Болашақ чемпиондары" жобасына жұмсалады.

Қалған қаражат жаттықтырушылар мен скауттарға арналған оқыту семинарларын ұйымдастыруға, бағдарламаны басқаруға, сондай-ақ балаларды қорғау стандарттары мен психологиялық қолдау жүйесін енгізуге бағытталады.

FIFA-ның Talent Development Scheme бағдарламасы ұлттық футбол федерацияларына жас таланттарды анықтау, оларды жүйелі түрде даярлау және кәсіби деңгейге жеткізу жүйесін қалыптастыруға көмектеседі.

Қазақстан футбол федерациясы соңғы жылдары осы бағыттағы жұмысты күшейтіп келеді. 2025 жылы ҚФФ академиясы FIFA Talent Academy мәртебесін алған болатын. Ал жаңа грант ел бойынша талантты балаларды іздеу мен оларды дамыту жүйесін кеңейтуге мүмкіндік бермек.

Ендігі басты мәселе – бөлінген 250 мың доллардың нақты нәтижеге айналуы. Қазақстан футболына қаржы ғана емес, сол қаржының есебінен жаңа буын футболшыларын тәрбиелейтін тиімді жүйе қажет.