FlyArystan Астана мен Алматыдан Ыстықкөлге маусымдық рейстерді іске қосты

0
132

Бір бағытқа билет бағасы 37 000 теңгеден басталады.


FlyArystan Астана мен Алматыдан Ыстықкөлге маусымдық рейстерді іске қосты

фото: Sputnik / Михаил Дудин

ERNUR.KZ. Қазақстандық лоукостер FlyArystan Астана – Ыстықкөл (Тамшы) – Астана бағыты бойынша жаңа маусымдық рейстің іске қосылғанын хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
Тікелей рейстер 2026 жылғы 3 шілде мен 31 тамыз аралығында аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма күндері орындалады.
"Астанадан ұшу уақыты 07:30-ға жоспарланған, Ыстықкөлге (Тамшы) келу уақыты – 10:45. Кері бағыттағы рейстер 12:00-де ұшып, Астанаға 13:20-да (жергілікті уақыт бойынша) келеді. Таңғы кесте жолаушыларға курортқа түске дейін жетіп, демалыс уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
"FlyArystan" АҚ президенті және бас атқарушы директоры Йохан Эйдхагеннің айтуынша Ыстықкөл қазақстандықтар үшін дәстүрлі түрде ең танымал жазғы бағыттардың бірі болып қала береді.
"Астанадан рейстердің ашылуы бұл бағытты бұрынғыдан да қолжетімді етіп, жолаушыларға тиімді балама мен таңдау ұсынады – жол уақытын бір тәулікке жуық мерзімнен небәрі екі сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Біз маршруттық желіні жүйелі түрде дамытып, өңір ішінде қысқа әрі ыңғайлы сапарлар жасау мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастырамыз", - дейді ол.
Бір бағытқа билет бағасы 37 000 теңгеден басталады.
"Баға валюта бағамының өзгеруіне байланысты аздап ауытқуы мүмкін", - деп ескертті тасымалдаушы комапния.
Астанадан рейстермен қатар, әуекомпания Алматыдан Ыстықкөлге (Тамчы) маусымдық рейстер орындайды.
Алматыдан рейстер кестесі: 2026 жылғы 18 маусымнан 30 тамызға дейін аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері.