FlyArystan Астанадан Құлжаға тікелей рейс ашады

0
146

Компания Қытайдағы бағыттардың географиясын кеңейтіп жатыр.


FlyArystan Астанадан Құлжаға тікелей рейс ашады

Sputnik / Andranik Ghazaryan

ERNUR.KZ. Қазақстандық лоукостер FlyArystan Астанадан Ининге (Құлжа) тікелей рейс ашатынын жариялады, деп жазады sputnik.kz.
Алғашқы рейс 2026 жылдың 28 қазанында орындалады. Ұшақтар аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері қатынайды.
"Жаңа бағыт FlyArystan-ның Ининге ашқан екінші бағыты болады. 2025 жылдың мамырында әуе компаниясы Қазақстандық тасымалдаушылар арасында алғаш болып Алматы – Инин (Құлжа) бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашты. Бірінші жылдың қорытындысы бойынша бұл бағыт тұрақты сұранысқа ие болды, ал 2026 жылы рейстердің жиілігі аптасына төрт ретке дейін арттырылды", – деп атап өтті компания.
Астана – Инин рейсінің ашылуы FlyArystan-ның Қытайдағы халықаралық маршруттық желісін кеңейтуді жалғастырады. 2026 жылы әуе компаниясы Астанадан Үрімшіге рейстерді қайта бастады, сондай-ақ Ақтау – Үрімші, Алматы – Сиань және Алматы – Чунцин бағыттарын ашты.