dknews.kz
ERNUR.KZ. 2026 жылғы 24 қаңтарда FlyArystan әуекомпаниясының Алматы – Орал бағыты бойынша FS7167 рейсі ұшақ құстармен соқтығысты, деп жазады Ulysmedia.kz.
Ұшақ Орал әуежайына қонған соң, инженерлік-техникалық мамандар Астанадан жіберіліп, ұшақ пен оның компоненттерін толық тексерді. Барлық тексеру аяқталғаннан кейін ұшақ эксплуатацияға рұқсат алып, 25 қаңтарда сағат 01:17-де Орал – Алматы бағыты бойынша қайта ұшырылды.
Кешіктірілген рейстің жолаушыларына ыстық сусындар мен тамақ беріліп, 33 жолаушыға сұраныс бойынша қонақүйде орналастыру қамтамасыз етілді.
Әуекомпания жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі – басты басымдық екенін атап өтті. Барлық шара авиациялық қауіпсіздік пен техникалық эксплуатация талаптарына сай қатаң орындалды.


