Бұған пайдаланушылардың жеке ақпараты бар cookie файлдарын олардың келісімінсіз пайдалануы себеп болды.
ERNUR.KZ. Информатика және азаматтық бостандықтар жөніндегі француз комиссиясы Google және Amazon америкалық интернет-компанияларына айыппұл салды, деп жазады ҚазАқпарат.
Бұған пайдаланушылардың жеке ақпараты бар cookie файлдарын олардың келісімінсіз пайдалануы себеп болды.
«Гуглға» €100 миллион, ал «Амазонға» €35 миллион айыппұл салынды. Француз заңына сәйкес, интернет-сайттар пайдаланушыларға сайтта cookie арқылы ақпарат жиналатынын және оның қандай мақсатта жүзеге асырылатынын хабарлауы тиіс. Әдетте интернетте жарнама жасайтын интернет-компаниялар ақпаратты осындай файлдар арқылы алып жатады.
Cookie файлдары пайдаланушының қандай сайттарға кіретіні туралы ақпаратты қамтиды. Олар пайдаланушының неге қызығатыны неге сұраныс тудырып отырғанын анықтауға мүмкіндік береді.