Қазақстан футбол федерациясындағылар Станимир Стойловтың жалақысына қатысты таралған ақпаратты шындыққа жанаспайды деп мәлімдеме жасады. Бірақ болгарлық маманның Қазақстаннан алатын табысы туралы тіс жармаған. Дегенмен ұлттық құрама бас бапкерінің жалақысына қатысты шу желіде әлі басылар емес.
фото: esil.media
ERNUR.KZ. Наурыздың 1-інде футболдан ұлттық құраманың бас бапкері болып тағайындалған Станимир Стойловтың қанша жалақы алатыны туралы отандық бірқатар БАҚ ақпарат таратқан еді. Бұл мәліметті алғашқылардың бірі болып INSTAGRAM желісіндегі esil.media паблигі жариялады. Ондағы мәліметке сүйенер болсақ, бас бапкер жылдық жалақысы шамамен 800 млн теңгені құрайды. Бұл ақпарат бас бапкер Станимир Стойловтың болгарлық БАҚ-ына негізделіп жазылған. Алайда Қазақстан футбол федерациясындағылар жалақыға қатысты таралған ақпаратты шындыққа жанаспайды деп мәлімдеме жасады. Бірақ болгарлық маманның Қазақстаннан алатын табысы туралы тіс жармаған. Дегенмен ұлттық құрама бас бапкерінің жалақысына қатысты шу желіде әлі басылар емес.
«Футбол бізге арналмаған», «Осы қазаққа футбол керек емес-ау», «Айтарға сөзім жоқ», «Ұятын-ай, билік халық ақшасын сорып жатыр», «Ұлттық құрама бәрібір жеңіске жетпейді. Мұндай қымбат бапкердің қажеті қанша?», «Балыққа жүруді үйрете алмайтын секілді Қазақстандағы футбол да солай. Ойнау жазбаса, неге талпынады екен осы?», «Бізге осы футболдың не керегі бар? Оның орнына аз қамтылғандарға таратып бермей ме?», «Футболсыз да өмір сүрдік қой, сүре де береміз», «Бізге бұның не керегі бар? Ең жетпегені түкке тұрғысыз шетелдіктерді асырауымыз керек пе?» деп шағымдарын қарша жаудырды желідегілер. Пікір білдірушілер арасында футболға жұмсалған қаржы науқастарға үлестіріп берілуі керек деп жазғандар да көп.
«Мен тек мынаны түсінбеймін. Неге халықтан бізге осы қажет пе, жоқ па деп сұрамайды? Маған салсаңыз, футболшыларға қолымды сілтегенім бар. Бұл деген халықтың ақшасы ғой», «Балалардың өмір сүруіне көмектесіңдер», «Олар еміне ақша болмаған соң өліп жатыр», «Бәрібір нәтиже жоқ. Одан да балалар мен науқастарға көмектескенде ғой. Депутаттар қайда қарап отыр?", - деді ашынған қазақстандықтар.