Қазірге дейін полицияға 18 мыңнан аса адам арызданған.
ERNUR.KZ. ІІМ жедел-іздестіру шаралары негізінде Ұлттық ұланның көмегімен Молдова, Қырғызстан, Түркиядан іздеуде жүрген күдіктілерді Қазақстанға жеткізді, деп жазады aikyn.kz.
ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов «Гарант 24 Ломбард» қаржы пирамидасының ісіне қатысты пікір білдірді.
"Гарант 24 Ломбард» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың қылмыстық ісін тергеу аяқталды. Осы қылмыстық істі тергеу үшін ІІМ арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Онда 150-ден аса тергеуші болды. Жұмыс барлық аумақтық бөлімшеде жүргізілді. Біз қылмыстық әрекеттің 33 эпизодын тіркедік. Қазіргі уақытта қылмыстық жауапкершілікке 56 адам тартылып, бес адам іздестіріліп жатыр", – деді Санжар Әділов.
Қазірге дейін полицияға 18 мыңнан аса адам арызданған. Жәбірленушілер 22 миллиард теңге көлемінде шығынға батқан.
"Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов: «Бұл 15 автомобиль, екі жүк самосвалы, екі автокран, қарда жүргіш құрал, 29 пәтер мен үй, үш жер учаскесі, бес тұрақ орны, бір кафе-бильярд бөлмесі. Тәуелсіз сарапшылар жүргізген бағалау бойынша күдіктілердің тыйым салынған мүлкінің жалпы құны 22 миллиард теңгеден асады. Тергеу барысында біз төрт үйге, 140 пәтерге, 1572 автокөлікке тыйым салдық. Компанияның барлық кеңсесінде тінту жүргіздік, құжаттар мен заттай дәлелдемелерді алдық", – деді ол.