Күдікті қала тұрғынының сеніміне кіріп, 70 мың теңге алған.
ERNUR.KZ. Ақтөбеде полиция қызметкері қаржы пирамидасына көлігін салып, кері қайтара алмаған тұрғындады алдады, деп жазады ҚазАқпарат.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің облыстық департаменті №1 қалалық полиция бөлімінің инспекторына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті 7-29 наурыз аралығында қала тұрғынының сеніміне кіріп, «Гарант 24 Ломбард» серіктестігіне берген «Опель Зафиро» маркалы көлігін қайтаруға уәде етті. Бұл қызметіне 70 мың теңге алған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің облыстық департаменті өзге ақпаратты тергеу құпиясына байланысты жарияламады.
Айта кетейік, биыл Ақтөбеде бірнеше қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды. Бірнеше күдікті ұсталды. «Гарант 24 Ломбард» серіктестігінің басшысына іздеу жарияланып, көп ұзамай қамалды.