Қазіргі таңда оның мөлшері 80 теңгенің көлемінде қалыптасып отыр.
ERNUR.KZ. ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев сұйытылған мұнай газының бағасын 50 теңгеге дейін түсіру талабын орындау қаншалықты мүмкін екенін айтты, деп жазады ҚазАқпарат.
Үкімет ереуілге шыққандардың талабын орындап, газдың бағасын
«Көтерме бағасы бар, тасымал және сақтау шығындары бар. Осының бәрін қарап жанармай стансаларындағы сұйытылған газдың өзіндік құнын есептеп шығарамыз. Қазіргі таңда оның мөлшері 80 теңгенің көлемінде қалыптасып отыр. Сонда жанармай құю стансаларына қалатын маржа 40 теңгеге дейін, яғни, 50 пайызға жеткен болатын. Түнде вице-министр Ақтау қаласына ұшып барды. Ол сол жақта жанармай стансаларының иелерін кездесті. Мұны бизнестің әлеуметтік жауапкершіліг деп айтып отырмыз. Яғни, ахуал басқа шешімді қажет етіп отырса, оларға да өз тәбеттерін шектеу қажет. Менің қазір сөзуарлыққа салынғым келіп отырған жоқ. Бірақ жағдайды осылай көріп отырмын», -деді Мағзұм Мырзағалиев.
Сондай-ақ ведомство басшысы дәл қазір газ бағасын 50 теңгеге дейін түсірудің мүмкіндігін көріп тұрмағанын айтты.
«Бұл сұраққа бірнеше рет жауап бердім. Өндірістің өзіндік құны бар. Бар болғаны осы ғана. Жаңаөзендегі газды қайта өңдеу зауытында да дәл сондай қала тұрғындары жұмыс істеп жүр. Түсініп отырсыз ба? Газ өндірісінің өзіндік құны шамамен 100 мың екенін, бұл халық қалап отырған 50-60 теңгеден көп екенін ескерсек, алдымызда мәселені шешудің екі жолы ғана бар. Не үнемі тапшылықта күн кешіп, бір күні зауыттарымыз тоқтайды, не осындай аса жағымды емес шешім қабылданады. Қазіргі ахуалды обьективті зерделесек, осылай болып отыр. Нарық заңын ешкім алып тастаған жоқ. Бүгінгі таңда біз халықтың ол талабын орындаудың мүмкіндігін көріп тұрған жоқпыз», - деді министр.