Генерал Серік Күдебаевтың үкімі төртінші рет кейінге шегерілді

0
541

Бастапқыда Күдебаевқа үкім 10 наурызға белгіленген болатын.


Генерал Серік Күдебаевтың үкімі төртінші рет кейінге шегерілді

ERNUR.KZ. Талдықорған қалалық соты Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы осымен төртінші рет кейінге шегерді, деп жазады tengrinews.kz.

Бастапқыда Күдебаевқа үкім 10 наурызға белгіленген болатын. Алайда кейін генерал-майор Серік Күдебаевтың ауруханаға жатқызылғаны хабарланды. Одан кейінгі сот отырысы 16 наурызға белгіленді. Осыдан кейін үкім тағы 2 рет - 20 және 27 наурызға шегерілді. Бүгін сот отырысының қайта болмайтыны белгілі болды.

Айта кетейік, Серік Күдебаевтың соты қаңтар айында басталған еді. Ол қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған. Күдебаев 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы қызметін атқарды.

Келесі сот отырысының қашан болатыны әзірге белгісіз.