"Генералдың немересімін": Алматыда әйел түнде жұмыс істеген жұмысшыларды қорқытқан

0
2 122

Алматы полициясы бейнежазбаға қатысты пікір білдіріп, бейнежазбадағы әйелдің анықталғанын атап өтті.


ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде әйел адамның түнде жұмысты тоқтатуды талап етіп, коммуналдық қызметкерлермен сөзге келіп қалғаны түсірілген бейнежазба тарады, деп жазады stan.kz.

Бейнежазбада әйел өзін "генералдың немересімін" деп таныстырып, құқық қорғау органдарындағы таныстарына қоңырау шалатынын айтып қорқытады.

Алматы полициясы бейнежазбаға қатысты пікір білдіріп, бейнежазбадағы әйелдің анықталғанын атап өтті.

"Бостандық аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген іс-шаралардың нәтижесінде "Нұр Алатау" ықшамауданының тұрғыны – 1991 жылы туылған азаматшаны анықталды, оның әрекеті ҚР ҚК 434-бабы – "Ұсақ бұзақылық" бойынша сарапталды", – делінген Алматы қаласы полиция департаментінің хабарламасында.