23 қыркүйекте Ғауез Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
ERNUR.KZ. Сенаттың бүгінгі отырысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындалған Ғауез Нұрмұхамбетовтың депутаттық өкілеттілігі тоқтатылды, деп жазады sputnik.kz.
Отырысқа Нұрмұхамбетовтың өзі де келді. Оған сенаттың құрмет грамотасы табысталды. Осыдан кейін облыс басшысы бұрынғы әріптестеріне және оны қызметке тағайындаған президентке алғысын айтты.
“Мемлекет басшысына маған зор сенім білдіріп, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындағаны үшін алғысымды білдіремін. Маған үлкен жауапкершілік жүктелді. Депутат қызметінде сіздермен бірге бір жылдай жұмыс істедік. Бір жыл аз уақыт шығар, бірақ мен үшін қызықты да маңызды кезең болды. Қаңтар айында сенатқа келгенде әріптестеріміз жылы қарсы алып, мені бауырына басты. Алдымызда үлкен міндеттер тұр. Президенттің және халықтың үмітін ақтау үшін бар күш-жігерімді саламын деп уәде етемін”, - деді Нұрмұхамбетов.
Айта кетері, өткен сенбі, 23 қыркүйекте Ғауез Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды.